Жастардың рухани – адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбие контекстінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Бағдарламасын іске асыру аясында 17 қарашада «Сыбайлас жемқорлық –құпия сөзі» атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты : оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларын насихаттау және тәрбиешілікті, адалдықты және әділеттілікті қалыптастыру.Балалар пара, заңңама, жемқорлық деген жаңа сөздерімен танысты. Өмірмен байланыстыра отыра сыбайлас жемқорлық туралы көрінісін тамашалап, балалар қызықпен сыбайлас жемқорлықтың белгілерін таныды.Әлемнің көптеген елдерінде бұл құбылыспен күрес жүргізіліп жатқаны және еліміз бұл процеске белсенді қатысып жүргені туралы мұғалім айтып өтті.